Жаңа жыл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 2
  • 22147
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Көрікті, көрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
Дала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр.


Пікірлер (2)

Айқаракөз

Маған өлең ұнады

Нұрислам

Өте күшті жазасыз маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жыл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жыл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері