Тентек теке

Бұл бетте «Тентек теке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1694
Тентек Теке бір күні
Сөзге келді күлкілі:
– Ей, Қошқарым, Қошқарым,
Сен бір жүрген мес қарын.
Қашан көрсем салбырап,
Балақ жүнің жалбырап,
Жүрісің еш өнбейді,
Өнерімді көр, мейлі:
Қарғи алам биіктен,
Кем соқпаймын Киіктен, –
Деді дағы бақылдап,
Жарқабаққа жақындап,
Кетті құздан секіріп,
Қалды Қошқар өкініп,
Қарамаған күшіне
Ақымақтың ісіне.
Қошқар жетті ентігіп,
Теке халін көргелі.
Мақтанам деп мертігіп,
Жатыр екен өлгелі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тентек теке өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тентек теке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тентек теке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тентек теке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар