Айға сапар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айға сапар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4581
Інім тұрып бір күні:
– Берші, – деді, –
Айды алып.Тамаша еді бұл түні
Аспан ашық, ай жарық.
Ракета Ай тұстан
Келе жатты айналып.
Ер қоянды Айға ұшқан
Келе жатты қайта алып.
– Батыр қоян, ер қоян,
Қорқақ емес енді ол.
Әлемге аян, елге аян,
Айға барып келді ол.
Ертең сен де ұшасың,
– Деймін:
Айды айналып.
Алтын нұрын құшасың,
Не қыласың Айды алып?
Інім білмей не дерін,
Өз қатесін түсінді.
Ракета моделін
Айға қарай ұшырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айға сапар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айға сапар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айға сапар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айға сапар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері