Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар

Бұл бетте «Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1477
Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар,
ағарады сақалдар мен самайлар.
Адам шіркін қартаюды санайды ар,
айлар, айлар, барады өтіп сан айлар.

Қартсың десе қамығады көп ойлар,
қартсың десе қалғиды орман-тоғайлар.
Айлар, айлар, алға барсаң санай бар,
ағарды екен қанша сақал-самайлар.

Айлар, айлар, өте берші, өте бер,
айлар жүгін күндер енді көтерер.
Бұл әлемде сөнбей тұрса от егер,
менің-дағы қарыздарым өтелер...

Айлар, айлар... көрдім жүзін сан айдың,
Айлар өтсін санамаймын...
Санаймын!
Ай өткенін мен туғалы талай бір
самайына қарап білдім ағайдың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері