Ақ тілек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ тілек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6032
Арайланса ғалам бар,
Ағарып таң атты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Гүлге толып бар аңғар,
Құлпырса да бақ түлеп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Аттанса да сапарға,
Жолға шыға қапты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Сүйіп-құшып сәбиді,
Тілі қандай тәтті деп
Жайсаң жандар бар игі
Айтып жатар ақ тілек.
Адал, жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі – АҚ ТІЛЕК.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері