Көктем келді тағы да дала гүлдеп
- 0
- 0
Көктем келді тағы да дала гүлдеп,
Көкжиекке қиыла қарадым кеп.
Сан құбылған сағымдар арасынан
Үміттенем өзіңді табамын деп.
Бұл бетте «Ынтымағы жарасқан елміз» атты Рымбай Еңлік Айдос қызы. Қарақаралы ауданы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем келді тағы да дала гүлдеп,
Көкжиекке қиыла қарадым кеп.
Сан құбылған сағымдар арасынан
Үміттенем өзіңді табамын деп.
Сезім мен төзім арбасып,
Санаға салды ой бұғау.
Кетсе де жылдар алмасып,
Көкейден кетпей қойдың-ау.
Сүйген сәулем, көрдім сені түсімде,
Тұр екенсің қызыл жалын ішінде.
Маған қарап қабағыңды сәл шыттың,
Әлденеге өкпелеген пішінде.
Сәукеле тағып аспаның,
Жұлдызың жамырағанда,
Құпия сезім астарын
Ашпағын, жаным, адамға.
...Сен едің кеше шолжың қыз,
Ащының дәмін татпаған.
Төбеңде жайнап шоқ жұлдыз,
Төсекте тыным таппаған.
Аружан
Рымбай Еңлік Айдос қызы. Қарақаралы ауданы деп жазудың қажеті жоқ, жәй ғана авторы өзім дегенді белгілесеңіз жеткілікті
Модератор
Авторы өзім деген белгі бар, сол белгіні басу керек, мына жерде толық жазылған: http://bilim-all.kz/page/8
Сол жерден қарап өлеңдерді өңдеуге де болады.