АЛЖИР
Бұл бетте «АЛЖИР» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақмолалық абақты
Тұрған мынау іргеде.
Аналарды талатты
Қандала мен бүргеге.
«Жау» болып ел басында
Тізгін ұстар нар ұлдар,
Тоғытылған осында
Олар сүйген арулар.
Көріп нәзік жандары
Түрме деген тозақты,
«Сатқындардың» жарлары
Тартқан бірге азапты.
Ақмоланың лагері –
Әйелдердің түрмесі.
Отыз жеті лаңы еді,
Іштен жұтқан кірнесі*.
Сілтеме ескертпелері:
*АЛЖИР – Акмолинский лагерь жен изменников Родины.
*Кірне – іш ауруы. Бұл жерде ел ішіндегі сатқындық, алтыбақан алауыздық мағынасында.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі