Әлихан Бөкейханов
Бұл бетте «Әлихан Бөкейханов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн-түнек шақта кешегі
Тер төгіп ерен, еселі,
Дербестік үшін алысқан
Алаштың ұлы көсемі.
Көреген, дана өремен
Еліне қалап егемен,
Сөз сөйлеген Думада
Жасқанбай ешбір төреден.
Ту етіп көпке «Алашын»*,
Гүлдентпек еді даласын.
«Жау» көріп жаңа заманға
Қызылдар жапты жаласын.
Сара жол сызған келерге
Көсемін елдің кемеңгер,
«Бутыркада»* азаптап,
Батырды сұмдар тереңге.
Сілтеме ескертпелері:
*Алаш – Әлихан Бөкейханов бас болып, 1917 жылдың желтоқсан айында құрылған «Алаш» партиясы.
*Бутырка – Мәскеудегі абақтының аты.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі