Ахмет Байтұрсынов
Бұл бетте «Ахмет Байтұрсынов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Бауырмал қазақ қайраткерлері бибауырмал бола алмайды. Сыртпен болса да, ішін өзгертпейді. Бибауырмал үкіметке еріп, қазақ елін пісіріп жегізе алмайды.»
— Ахмет Байтұрсынов.
Жеткізіп тәлім, ақылын
Әңгіме, мысал, жырменен,
«Қазақ» газеті арқылы
Бірлікке жұртын үндеген.
Қазақша түзіп әріптер,
Жаңаша әліп құраған,
Еңбегін елі дәріптер
Ахмет атаң ұлы адам.
Бірегей іске бет алып,
Түзелер шақта көш енді,
«Халықтың жауы» атанып,
Атылған ұлттың көсемі.
Сілтеме ескертпесі:
*«Қазақ» – 1913 жылдан Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен Орынборда шығып тұрған газет.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі