Құрылысшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құрылысшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 14244
Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам.
Үйлерімнің үнемі
Биіктейді еңсесі.
Мектебіміз – біреуі
Бірі – колхоз кеңсесі.
Жиі-жиі келетін
Жұртқа толы маңайы.
Бірі – ойын көретін
Мәдениет сарайы.
Үйлерім көп орасан,
Біреуінен бірі артық.
Тамашалай қарасаң,
Көз алмайсың құмартып.
Қалада да,
Далада
Сап түзесе сан үйлер,
Қуанады бар ана,
Қуанады сәбилер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері