Космонавт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Космонавт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5221
Самғап ұшқан алысқа
Космонавт мен болам.
Жаны құмар ғарышқа
Ел сүйсінген ер болам.
Озып ұшқыр қиялдан,
Зымыраймын оқтай боп.
Жердің шары қияннан
Шалынады шоқтай боп.
Ғаламшарым қап артта,
Жұлдыздарға бет алам.
Зымыранмен заматта
Ең қашыққа жете алам.
Жұлдыздардың бірінде
Болар, мүмкін, тіршілік.
Тапқанша оны түбінде
Самғай берем құлшынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері