Бұл бетте «Күншіл көкек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем күні болғанда,
Көкек жүрді орманда.
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» – деп,
Тынбады бip секектеп.
Ән салуға тиісті
Барлық құсқа тиісті:
«Мен тұрғанда орманда,
Асқан әнші болған ба?
Талантымды ұғыңдар,
Тездеп тайып тұрыңдар!»
Кеткен шығар кеткені,
Бұлбұл, бipaқ, кетпеді.
Көкектей сол кеппені
Титтей де еле етпеді.
Әуезді де ырғақты
Әсем әнін тыңдатты.
Құптағандай осы үнді,
Бар табиғат қосылды.
Қызғаныштан күйініп,
Қабағы тарс түйіліп,
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» – деп,
Көкек кетті секектеп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі