Бұлбұл мен тоты – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бұлбұл мен тоты» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1890
Торда тұрып Тоты құс,
Сан құбылтып сайрады.
Бip қуаныш, өкініш
Еске түсті қайдағы.
Келе-келе өзінің
Қайда екенін ұмытты.
Өзі мақтап өз үнін, Деді:
– Әншімін шын мықты.
Тоғайда да, торда да,
Шырқай алам табанда.
Секілдімін қолбала,
Ақылы асқан адамға.
Бірге отырған қасында
Сонда бұлбұл үн қатты:
– Жақсы әншісің расында,
Біл, бірақ та, қымбаттым:
Өз еркіңмен салмаған
Ән жүрекке жетер ме?
Торда тұрып сарнаған
Сенен сорлы өтер ме?
Кессе-дағы басымды,
Сайрамас ем торда мен.
Адам нағыз асылды
Шатастырмас қордамен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлбұл мен тоты өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бұлбұл мен тоты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлбұл мен тоты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлбұл мен тоты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері