Өлең, жыр, ақындар

Р...альбомына

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Себеп не екен? Бастан мені таптыңыз,
Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз.
Мен даярмын, рақмет сізге, қарындас,
Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.
Ай аппақ қой, Сізге көңілім Айдай ақ,
Сізге деген жүректе жоқ жалғыз тап.
Адал ниет, ақ көңілімді бетке ұстап,
Ақылсымақ сөз айтайын азырақ.
Альбом - жүрек, уақыт жетпей ашпаңыз,
Құлып салып, берік бекітіп тастаңыз.
«Ашылам!»- деп аласұрар жас жүрек,
Белгілі іс, бірақ одан саспаңыз.
Альбом - жүрек, тыныштықты қашырар,
Уақыты жетсе, өзі-ақ бір күн ашылар.
Жүрек сыры белгілі ғой, біраздан
Желі тынып, толқындары басылар.
Альбом - жүрек. Көрінгенге бермеңіз,
Дос па, қас па? Бастан байқап тергеңіз.
Дос орнына қас кіргізіп жүрекке,
Бір күндерде өкініште жүрмеңіз.
Альбом - жүрек, жақын достар қолға алар,
Таза жүрек оны оқып толғанар.
«Мен жазайын, мен оқиын!»- деп алып,
Надан жандар кетпес қара тап салар.
Альбом - жүрек, жақсы сақтай көріңіз,
Таза жүрек меруерттен теріңіз.
Ескерісіп жүру үшін өмірде,
Қане, құрбым, қолыңызды беріңіз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Р...альбомына өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Р...альбомына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Р...альбомына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Р...альбомына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері