Өлең, жыр, ақындар

Бейнет биігінен

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Бейнетқорым, шылым сор,
түтіндет бір, түтіндет
шылым сорғаннан басқа табарың аз, күтім жоқ,
Желге қарап кісінер
азбан-желік жоқ сенде —
Өзіңді-өзің арқандап, қойған атсың тепсеңге,
Шауып атың шықпайды тепсең жерге ексең де.
Сол баяғы Жер мен Көк,
Сол баяғы Ел мен Ер,
теңгерілмес Жер мен Көк,
Ел мен Ерді теңгерер
Уақыт өзі бір күні;
Сен — сіңірсең халыққа,
ашу болса — айығар,
ауру болса — емделер.
Сор, сор әзір шылымды,
Көңіліңе өзге күтім жоқ,
жаның жанса азаптан — тарар, бәлкім, түтін боп?!
Талабыңды, қарашы, тағдырыңнан зор ғыпты,
байлауыңа бол мықты,
бақыт сана қорлықты!
Қолғабыс ет қоғамға,
Қолпаш емес, қорлық тап,
Керегі жоқ қолпаштың — шылымыңды сор мықтап.
Әр ізіңнің іргесін жатпас үшін қазып жұрт, —
тура сөйле есерге,
естілерге — әзіл ғып.
Сөз естісең шіріген жапырақтай жат асты,
көңіліңді жуып шай көк түтінмен ап-ащы.
Тастап кетсін жолдасың қарап жүріп қағынып,
тастамаса болғаны адал еңбек, ақ үміт.
Үркектерден үміт аз,
үмітсізден үлгі алма,
азаматым, ашылма аяушылық қылғанға.
Қаныңды сал самайдан аққан термен буданға,
жаға білсең — жарқырап жалын шығар судан да.
Арылғалы тұрса егер жақсыға да үкім кес,
жарылғалы тұрса егер жаманды да бүтіндес.
Шексіз бейнет көрдім деп шеңбер атпа, шен күтпе,
Шек болса, ол — картада, бойлықтар мен ендікте.
Көлем алсаң — көкжиек,
географиялық көлемде ал,
Қолдан келсе түк алма,
Не бәрін ал қоғамнан.
Бұлалығы бұлардың бір бұрқ етіп жоғалған,
тентектігі сулардың — теңізге өтіп жоғалған.
Мықты болсаң — шегесің,
Кек желкеңнен бір ұрып
бетсіздіктің балғасы жібереді сіңіріп.
Асыл дәнді сақтауға — қауыз керек болады,
азуды да сақтауға — ауыз керек болады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ат арба

  • 0
  • 0

Омырауына қамыт батқан,
келеді ол
тер орнына бу атады денеден.
Қорлық, бейнет қазына болса — қазып ал!

Толық

Күндер

  • 0
  • 0

...Осынау бір жер бетіне
Қараймын ғой тербетіле.
Қабатына ғасырлардың
Жасырған ой, жасырған мұң,

Толық

Шаңырақ

  • 0
  • 0

"Шын жыласа адамдар
Соқыр көзден жас шығады" деген бар.
Ал, өз басым жылағанын әйнектің
Көрдім —соны өлең еттім, қайғы еттім.

Толық

Қарап көріңіз