Бұл бетте «Нашар оқушы» атты Абдрахман Асылбек жазған білім туралы өлең берілген.
22.07.2019
0
0
1631
Оқушы түк білмесе,
Болар еді кім десе?
Ондайды біз қашан да
Жатқызамыз нашарға.
Ешбір жауап бермесе,
«Екі» алады ендеше.
Нашар боп ол туған ба?
Ойынды көп қуған да.
Кітапты көп оқыса,
Зердесіне тоқыса;
Қиын ба «бес» алуы,
Жақсы бола қалуы?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі