Үздік оқушы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Үздік оқушы» атты Абдрахман Асылбек жазған білім туралы өлең берілген.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 1
  • 6302
Талап деген өскелең,
Оны дәйім ескерем.
Сондықтан да сабақты
Оқимын тек «беске» мен.
Ілеспейтін көшке ерен
Жалқаулықтан сескенем.
Сондықтан да сабақты
Оқимын тек «беске» мен.
Жатар кезде кешке мен
Тапсырманы тексерем.
Сондықтан да сабақты
Оқимын тек «беске» мен.
Ерінбеуді қош көрем,
Еңбекті шын дос көрем.
Сондықтан да сабақты
Оқимын тек «беске».


Пікірлер (1)

Бахтыбергенова Раяна

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері