Қаңбақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қаңбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2524
Қырда өскен қаңбақты
Кім абайлап, аңдапты.
Көк кезінде қомақты,
Секілді бір алмақты.
Жаз аптабы батады,
Қаңбақ қурап қатады.
Салмағынан айрылып,
Зырлап бара жатады.
Жел тұрса тек шамалы,
Таусылып бар амалы,
Қауқары жоқ қу қаңбақ
Кезеді кең даланы.
Табан тірер жайлы жер
Іздеп қаңбақ қайғы жер.
Ұшатынын жел біліп,
Қонатынын сай білер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері