Шындық пен өсек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шындық пен өсек» атты Абдрахман Асылбек жазған шындық туралы өлең берілген.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2070
Кісі сөзін кісіге
Таси көрме, қарағым.
Ізгі жанның ісі ме
Жігін ашу араның?
Сырттан айтқан салқын сөз
Өсек болып таңылар.
Көзіне айтқан жарқын сөз
Шындық болып табылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері