Қазағым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қазағым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1743
Айбарлы, азат,
Айналдым қазақ
Елімнен.
Халқыма қалқан,
Шалқыма дарқан
Жерім кең.
Баулары иіп,
Таулары биік
Көрінген.
Махаббат құшқан,
Аққулар ұшқан
Көлімнен.
Жандары жарқын,
Таңдары алтын –
Нұры бар.
Жазира көңіл,
Ағыл да тегіл
Жыры бар.
Елімнің даңқын
Асырған әр күн
Шыңы бар.
Елі сүйген күллі,
Абылай сынды
Ұлы бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері