Жел

Бұл бетте «Жел» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1075
Тіл секілді сүйрең қағып құм көшті,
көшкен құмға ай менен жыл мінгесті.
Желдің сумаң саусақтары бір түрлі
сүртіп жатқан сықылды ескі жұртымды.
Дүркіреп кеп көшті қаңбақ, жел есті;
құмдағы ізім онсыз дағы көмескі —
жел сол ізді жуып жатқан сықылды,
топырақтан қуып жатқан сықылды.
Жел алдында жерге басын ұрады
ши шырқырап, мені қорғап тұр әлі.
Жыңғыл жылап жасыл шашын жаяды,
қыр бұлдырап мені аяйды баяғы.
Ішін тартып өсіріп жел тұр ұлып,
көне құмды көсігімен суырып
о да еңіреп жүргізеді әмірін
...Тереңірек бірақ менің тамырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері