Еріншек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Еріншек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1295
Сұрады інім тамақты,
Ұсынды анам табақты:
– Ауыз үйге бара ғой,
Өзің құйып ала ғой.
Көре сала табақты,
Тыржитты інім қабақты:
– Табағыңыз кір, – деді,
Жууды өзі білмеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері