Бұл бетте «Сыбызғы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Егер тартып қараса,
Сыбызғы үні тамаша!
Дала ұйып тұр тыңдап.
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
Құмымызға көктем кеп,
Болды бәрі көкпеңбек,
Жаңбыр жауды сыртылдап.
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
Табиғаттың өз үні
Қуантты лақ, қозыны.
Шопанның да шат әні.
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
Таудың ерке самалы
Құмға өрнек салады,
Қандай көркем Отаным!
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі