Ботақан

Бұл бетте «Ботақан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2940
Жотасында
Өркеші,
Бота –
Құмның еркесі.
Жүр бір аттап,
Екі аттап.
Туғанына
Екі апта-ақ.
Айналасы –
Күйген құм.
Ұзамайды
Үйден тым.
Ұзын мойнын
Созды әрі.
Бір мезет ол
Боздады:
«Бө-бө –
Шөптер қуарған!
Бө-бө –
Бұлақ суалған!»
Мазаланды
Текке ол.
Құмда су да,
Шөп те мол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ботақан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ботақан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ботақан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ботақан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері