Өлеңсіз болған емес бір күнім

Бұл бетте «Өлеңсіз болған емес бір күнім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 940
Өлеңсіз болған емес бір күнім,
Жатқызбайды өзі қозғап шіркінің,
Кейде өлең самал жел боп аймалап,
Кейде мені дауыл болып сілкідің.
Өлеңсіз өткен емес бір күнім,
Өлеңсіз болған күннен үркідім,
Нөсерлеген түндерімнен ояндым,
Мен өлеңнің естіп әр күн күркүрін.
Өлеңсіз оянған жоқ бір күнім,
Әуен болып келеді ғой шіркінің.
Ұлы дария ағысымен бірге ағып,
Ұлы теңіз толқынымен бұлқыдың.
Жұлдыздарын шашуменен түн-түнім,
Мұны, бәлкім, біле бермес кім-кімің.
Алдымнан шығады да ақ таңым,
Өлеңсіз сәлем бермес бір күнім


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңсіз болған емес бір күнім өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Өлеңсіз болған емес бір күнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңсіз болған емес бір күнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңсіз болған емес бір күнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері