Мерген – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мерген» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1649
Шие бағы Мергенге
Қызыл шие бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл шие, –
Бетін бұрды ол демде.
Алша бағы Мергенге
Қызыл алша бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл алша,–
Бетін бұрды ол демде.
Өрік бағы Мергенге
Сары өрік бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл өрік, –
Бетін бұрды ол демде.
Алма бағы Мергенге
Аппақ алма бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл алма, –
Бетін бұрды ол демде.
Бақша жаққа келгенде,
Асқабақты көргенде:
– Ең керегі осы, – деп,
Тұра ұмтылды ол демде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері