Ұлбикенің соңғы әні – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұлбикенің соңғы әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2505
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Дүлдүл ем Ошақтыда дара туған,
Ол баста ақын болып жаратылған.
Құйылған көмейімнен сұлу сөздер,
Үш жүздің баласына таратылған.
Күмбірлеп көкірегім толған өлең,
Он үште топқа түсіп толғаған ем.
Алыстан іздеп келіп айтысуға,
Жеңілген нелер ақын жорға деген.

Қайырмасы:
Ұлбике атым еді,
Арқалы ақын едім.
Ұл емес қыз боп туып,
Заманның улы зарын татып едім.
Ойхой, дүние, ой, дүние-ай,
Ұлбике атым еді,
Арқалы ақын едім.

Шын ерке бұлбұлың боп сайраған ем,
Тым көркем бір гүлің боп жайнаған ем.
Жиырма бес жасқа толмай сөніп барам,
Аялай алмадың-ау, туған елім.
Дүлдүл ем Ошақтыда дара туған,
Ол баста ақын болып жаратылған.
Құйылған көмейімнен сұлу сөздер,
Үш жүздің баласына таратылған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлбикенің соңғы әні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұлбикенің соңғы әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлбикенің соңғы әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлбикенің соңғы әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері