Дала – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Дала» атты Еділбек Дүйсенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1292
Мен бүгін
Бастан кешіріп тұрмын
Бұта саусағының сезімін
Көшкен бұлтқа бір қарыс жетпеген

Ой табанына жаншылып қалғанда
Мыңжылдық ғұмырды бастан кешіргеніңдей
Сенен алыстағалы
Құдайын жерге түсіріп алған қоғамға жақындағалы

Жо-жоқ...
Расы,
Қала баспалдақтарымен көтерілгенде
Бала кезде жұлып ойнаған шегіртке аяқтары есіме түсіп

Олар мені әлдеқайда апара жатқандай
Бәлкім, әлдеқайдан әкеле жатқандай

Иә, мен жоғалттым
Бәрін де жоғалттым.
Алайда, жоғалту босағасынан аттап, бәрін де таптым.

Мен бүгін
Бастан кешіріп тұрмын
Бұта саусағының сезімін
Көшкен бұлтқа бір қарыс жетпеген

Бірақ, мені есіне түсіре алмаған секілді
Ұмытшақ Дала.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері