Берсеңдерші бір хабар
Бұл бетте «Берсеңдерші бір хабар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Толқыны тербеп тағдырдын,
Шағала болдым шалғайда.
Жаныма жақын жан құрбым,
Шалқытып салар ән қайда?
Қайырмасы:
Алаулаған аспанда
Тыраулаған тырналар,
Ауылдағы асыл достарға
Берсеңдерші бір хабар.
Елімді қалған қиянда,
Қаншама жылдар сағындым.
Беріліп тәтті қиялға,
Төзімнен тұмар тағындым.
Қайырмасы.
Кезімен қайта айналып,
Қыс өтер, көктем, жаз келер.
Айнала қонып жайланып,
Айдынға аққу, қаз келер.
Қайырмасы.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі