Қазағымның даласы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қазағымның даласы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3310
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Тәуелсіздік таңдары жарасқан
Қазағымның даласында.
Күмбездері көкпенен таласқан,
Қанат жайды, қаласы да.

Қайырмасы:
Ай! Дарқан елім-ай! Жерім-ай!
Ай! Шалқар көлім-ай, көңіл-ай!
Ай! Асқар тауым-ай! Көгім-ай!
Ай! Бақша бауым-ай, елім-ай!

Сүйе білу осындай Отанды,
Қандай бақыт махаббатты.
Жалт қаратып, өзіне жаһанды,
Ән таратты шапағатты.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері