Өлең, жыр, ақындар

Туған жер толғауы

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 11917
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас,
Қайтадан бір қарайыншы анықтап.
Жастайымнан жаттап өскен жар, ойын,
Туған жерім – абыройым, ар-ойым.
Осы жерде тозып тұңғыш көйлегім,
Осы жерде өткен қызық бал ойын.
Бір кездері секілді еді алып тау,
Биік төбе аласарып қалыпты-ау.
Басындағы әз бабамның бейітін
Енді бүгін қиын боп тұр анықтау.
Көрген сайын көңіл кірі аршылар,
Әркімнің-ақ туған жері бар шығар.
Бірақ, маған сенсіз әлем тар шығар,
Сағынышым ыстық жас боп тамшылар.
Туған жерім – сағынышым сарғайған,
Құстай үшып келем саған шалғайдан.
Жібек желің еркелетіп, елітіп,
Жылы леппен сүйіп жатыр мандайдан.
Жапырыла жасыл желек құрағың,
Жарқын үнмен сыңғырлады бұлағың.
Қасиетіңнен айналайын, туған жер,
Көк майсаңды құшақтай кеп құладым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әнші

  • 0
  • 0

Тұрып алаң-елеңде,
Болат басты ыңылға.
Әлде, жаңа өлең бе?
Түсінбедік шынында.

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 1

Ана тілім – дана тілім,
Ана тілім – дара тілім.
Ең бастысы, елім үшін
Ана тілім – бала тілім.

Толық

Пікір

  • 0
  • 0

Жаңа бастық келе сап,
Анкетамды көре сап,
Сылтау іздеп сыныққа,
Түсірді де құрыққа,

Толық

Қарап көріңіз