Өлең, жыр, ақындар

Қара шал

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 24081
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Қаусаған қасіретті қара шалмын,
Бұл күнде қара шалмен санасар кім?.
Жанымды жегідей жеп қарттар үйі,
Күн санап куат кеміп, аласардым.
Онша тар емес еді пәтерің де,
Осында тастап кеттің әкелдің де.
Сынаптай сырт айналса туған балаң,
Тірідей өлгені ғой әкеңнің де.
Көп болды дидарынды көрмегелі,
Көп болды шешеңді де жерлегелі.
Балам деп көз жұмғанша жылап жатты,
Жаныма қатты батты келмегенің.
Жүрсің-ау қолың тимей, хабарың жоқ,
Жатырмын жаутаң қағып – амалым жоқ.
Айтушы ең жас күнінде, есінде ме?
Әкемді өле-өлгенше бағамын, – деп.
Балам-ау, не істетпейді қу тіршілік,
Кей пенде дүние қуып, жүр құлшынып.
Артымда бар ма десем ұрпақ ізі,
Секілді қалғаным ба бір қу шыбық?
Әкең де осы жерде өлер енді,
Тәңірдің жазуына көнер енді.
Уа, жалған, сағындым ғой, тым болмаса,
Алып кеп бір иіскетші немеремді.
Қадырын түсінбедің қолда бардың,
Қауқайып қара басым жолда қалдым.
Тал-дарақ, мал-мүлкімді ақша қылып,
Астыңа аппақ шаңқан «Волга» алдың.
Несіне балам бар деп мақтанайын,
Өмірден өз жөніммен аттанайын.
Ұмытпа, келер болсаң, домбырамды,
Шерімді шемен болған ақтарайын.
Несіне өлемін деп өкінемін,
Қайғыдан қарс айырылды көкірегім.
Көз жұмсам, қоярсыңдар елге апарып,
Соңғы рет сенен соны өтінемін.
Өзің деп өтіп еді бар қызығым,
Барады күйіп-жанып тән қызуым.
Мүмкін, бұл – менің ақтық демім шығар,
Аман бол қайда жүрсең, жалғыз ұлым.



Пікірлер (1)

Matthew

Very good

Пікір қалдырыңыз

Бір болайық

  • 0
  • 0

Бір өзіңсің сүйкімді
Көктемім де, жазым да.
Күмбірлеген күй түрлі –
Сенің ерке назыңда.

Толық

Дельфин

  • 0
  • 1

Халық жақсы біледі
Денесі зор дельфинді.
Көк мұхитта жүреді
Бұзып-жарып толқынды.

Толық

Мен дайынмын

  • 0
  • 0

Жетектесін күн мені
Сәл көрінген нұрына.
Құшып жарты дүниені,
Шашырайды шұғыла.

Толық

Қарап көріңіз