Бұл бетте «Папамның әлдиі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев
Сықыр-сықыр бесігің,
Үйде жоқ мамаң, несі мін.
Папаң отыр әлдилеп,
Уайымсыз өс ұлым.
Әжең кеткен ауылға –
Ескі көздер қауымға.
Бір шал алып қалды ма,
Жетсе екен аман-сауында.
Барады заман ғарыштап,
Ғарышқа ұштық алыстап.
Әлдилейтін баланы
Темірден болса бабушка.
Мамаң сенің азанда
Кетіп еді базарға.
Ел жатпай ол келмейді,
Ұйқтай қойшы, сазарма.
Әлд и, әлди, кожегім,
Таусылмасын өлеңім.
Тағы да былғап қойыпсың,
Ішіңе жақпай жегенің.
Әлди, әлди, қояным,
Таң нұрына боянғын.
Сені ұйықтатып жатқанда,
Екіншісі оянды,
Үшіншісі оянды.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі