Атамның әлдиі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Атамның әлдиі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4011
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Баламның сенсің баласы,
Ешкімнің жоқ-ау таласы.
Отырсың ойнап алдымда,
Көзімнің ақ пен қарасы.
Жауғанда жаңбыр себелеп,
Тынысын алар көбелек.
Көзіңді ілші, боташым,
Ұйқыдан өзге не керек?
Қызығыңды көрер ем,
Жілік шағып берер ем.
Маған салса, немерем,
Шөберемді көрер ем.
Тоймадың ғой, бал-бала,
Шекерге де, балға да.
Өтірік ұйқтап, атаңды
Алдамашы, алдама.
Курортта жүр ғой көкешің,
Қыдырып сен де кетесің.
Балаңды тастап әкеңе,
Қарызынды өтерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері