Бойы қандай – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Бойы қандай» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 776
Бойы қандай,
Белі сымдай,
Бұл жалғанда
Жан жоқ мұндай!
Көзі күндей,
Өзі гүлдей.
Қою, қара
Шашы түндей.
Жүзі таңдай,
Тілі балдай.
Шөлдегенде
Жұтсаң қанбай.
Күйдім-жандым,
Өлдім-талдым.
Ес жоқ, түс жоқ
Естен тандым.
Дүние шіркін,
Өтер бір күн,
Қолға түспей
Мұндай сылқым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері