Танысқалы көп болды

Бұл бетте «Танысқалы көп болды» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 510
Танысқалы көп болды,
Табысқалы...
Жүрегімді бір сезім жаныштады.
Құшағымнан кетпеші,
Кетсең егер,
Тұрғандай-ақ басымнан бақ ұшқалы.
Өңім болды –
Көрген түс – сол бір елес,
Қайта айналып келгендей қайран он бес!
Қолға, бәлем, түстің бе,
Енді сенің –
Қыр соңыңнан өлсем де қалғым келмес.
Ғашықтықтың мұндайда күші басым,
Кетемін деп иегің қышымасын.
Әжем іздеп қалар деп,
Әзілдесем,
Әденеге алаңдап, қысыласың.
Қалай сені дей алам жат, бөтенім,
Өзің барда көрікті бақ-мекенім.
Айтып қалдың аңдаусыз (оның рас)
Ағаңның да мінезі қатты екенін.
Еркек деген, дейсің-ау, аусар халық,
Ертек айттық ерте-кеш, тауыса алмадық...
Торға түскен тотыдай сен отырсың
Екі көзің жаудырап, жаутаң қағып.
Шарап іштік – сен қалай ұтылмассың.
Шылым шектік –
Бөлмені түтін бассын.
Естен танып жатырмыз,
Есік берік –
Қашсаң-дағы сен енді құтылмассың...
Өткен істің жандырып өрті күшті,
Өкініштің өзекті дерті қысты.
...Таң да атты ағарып,
Қылмыстыға
Атқан таңның өзі де қорқынышты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Танысқалы көп болды өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Танысқалы көп болды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Танысқалы көп болды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Танысқалы көп болды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері