Қарап тұрсам өзім – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қарап тұрсам өзім» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1783
Ауламыздың iшi
Қызыққандай кiсi:
Былтырғыдай биыл
Бұзаулады сиыр,
Құлындады бие,
Боталады түйе,
Жұмыртқалап тауық,
Қойлар қозы тауып,
Лақтап тұр ешкi...
Ауламызда қарасаң,
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Алша ағашта – алша,
Құжынап тұр қанша.
Алма ағашта – алма;
Көк жапырақ – талда;
Қауын салып түйнек,
Бақшамыз тұр гүлдеп.
Шөп шауып жүр атам,
Үй сылап жүр апам...
Қарап тұрса
Көзiм:
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Ең ақыры,
Өзiм
Бiр класқа көштiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері