Жау, жаңбыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жау, жаңбыр» атты Ескен Елубаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 5888
Аяқ асты түнерiп
Туған жердiң аспаны,
Көптен күтiп жүр едiк,
Жауын жауа бастады.
Өтсе екен деп селдетiп,
Нөсер төпеп ауылды.
Барлығымыз əндетiп
Шақырдық-ау жауынды.
«Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Кең далаға көлбеген.
Жау-жау жабыр,
Жау жаңбыр,
Қуанышты ел деген.
Жау-жау жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн-жайға шөлдеген.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн өссе береке.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Елге əкелер мереке...»
«Жау-жау» десе жауын да,
Көп жауар деп естимiз.
Жаңбыр жауса ауылда,
Əндетемiз, өстимiз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері