Биші қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Биші қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 3
  • 18783
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Ақбалтыр ақ мәрмәрден құйылғандай
Жарқ етіп шыға келдің жұрт алдына,
Биші қыз, ғажап еді биің қандай.
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Биші қыз, билеп кеттің тербетіле.
Бұралып тал шыбықтай тұла бойың,
Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіңе.
Дүние өзіңменен шыр айналды,
Дүние сезімменен шырайланды.
Биші қыз, мені-дағы билеп алдың,
Сол күннен сүйдім сені құлай мәңгі.


Пікірлер (3)

ШакиБекарыс

Өте жаман өлең!

ШакиБекарыс

Жаман!

Қасым

Абдрахман Асылбектің Биші қыз өлеңі ұнады, мықты ақын

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері