Ана тілін білмеймін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ана тілін білмеймін» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3297
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Ана тілін білмеймін,
Баба тілін білмеймін.
Қасиетті халқымның
Дана тілін білмеймін. 2 рет
Түсінбеймін тіл әрін,
Түсінбеймін бір әнін.
Туған елдің алдыңда
Таудай екен күнә мың. 2 рет
Өсе келе түсіндім,
Өсе келе қысылдым.
Өзге тілдің алдында
Өз құнымды түсірдім. 2 рет
Тілім екен мерекем,
Тілім екен берекем.
Ана тілін білмейтін,
Мәңгүрт деген мен екем. 2 рет
Ана тілдің есігін,
Ашып отыр кеш ұлың.
Кеш те болса еш болмас,
Жаса, халқым, кешірім. 2 рет


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана тілін білмеймін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ана тілін білмеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана тілін білмеймін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана тілін білмеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері