Әке тілегі

Бұл бетте «Әке тілегі» атты Абдрахман Асылбек жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3809
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Әкесі:
Айналайын түріңнен,
Айналайын тіліңнен.
Тамсандырып тұрсың-ау
Тамылжығын үніңмен.
Кіп-кішкентай құсым-ау,
Бақыттымын бүгін мен.

Баласы:
Әкеге ұқсап тудым ба?
Әке жолын қудым ба?
Еліктірген әуені
Көлдегі қаз, қудың да.
Менің үшін әдемі
Сылдыр үні судың да.

Ә к е с і:
Табиғатың – анашың,
Баурында сен баласың.
Құйқылжыған күй теріп,
Табасың бір жарасым.
Бұлбұл құстан үйреніп,
Әнін қайта саласың.

Б а л а с ы :
Аяладың әнменен,
Аяладың таңменен.
Тәтті әуенге беріле,
Тербетілген жан денем.
Еркелеткен еліме
Мен де ерке ән берем.

Ә к е с і:
Айналайын жан балам,
Айналайын ән балам.
Қыранымсың самғаған,
Жыр-әнімсің таңдаған.
Жұлдызым боп жана бер,
Әке жолын жалғаған.

Әкесі мен баласы:
Бақытымыз – әніміз,
Жақұтымыз – әніміз.
Ән болмаса өмірде,
Келісер ме сәніміз?
Қуат беріп көңілге,
Кел, шырқалық бәріміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке тілегі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әке тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке тілегі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері