Тамаша-думан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тамаша-думан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3604
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Көз жіберіп қарасаңыз,
Биіктеген аласамыз.
Бүгінгі күн – мерекеміз,
Тамашамен жарасамыз.

Қайырмасы:
Басталады,
Басталады
Тамаша-думан.
Басталады
Жастар әні
Тамаша-думан.
Асқаралы,
Астаналы
Тамаша-думан.
Асқақ әні –
Достар әні,
Тамаша-думан.

Тамашаға келіңіздер,
Билеп-билеп беріңіздер,
Күй де тартып көріңіздер,
Бар өнерді төгіңіздер.

Қайырмасы.

Тамашасыз өмір бекер,
Өмір бекер – тегін кетер.
Тамашамен көңіл көтер,
Өмір жүгін жеңілдетер.

Қайырмасы.

Жаны жарқын жас-кәріміз,
Ашық болсын аспаныңыз.
Тағы келер тамашада
Бір қосылсын бастарымыз.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамаша-думан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тамаша-думан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамаша-думан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамаша-думан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері