Өлең, жыр, ақындар

Толған ай

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 27770
Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,
Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын
Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Далада жолаушыға сен жолбасшы,
Егерде жазатайым жүрсе адасып.
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана әсем басып.
Ажары ақ жамбыдай сұлулардың
Жалғанда тіпті кетпес көркі асып.
Сәулеңнің түскеніне әлдеқандай
Теңіздер жан теңгермес жатқан тасып.
Мәз-мейрам көкте қатар жүргеніне
Жұлдыздар иек қағып жымыңдасып.
Жалғыз-ақ іштен сені жек көреді
Екі жар қол ұстасқан сыбырласып.
«Жарықта қараңдап, бой көрінед!»- деп,
Бір-бірін сүйісе алмас мауқын басып.
Елжіреп көңілдері, құмар қанбай,
Айрылар біраздан соң амандасып.



Пікірлер (5)

амет балнур

керемет жазылган

Арай

маған ұнады,керемет,өте жақсы.

Алишер

Керемет, өте жақсы жаттау оңай, Алланың нұры жаусын, көп рахмет айтамын,

Алишер

көп рахмет айтамын,өте жақсы жаттау оңай Алланың нұры жаусын көп рахмет тағы да

Лола

Өте күшті барлығы Алланың нұры жаусын!

Пікір қалдырыңыз

Тоқаевқа еліктеу

  • 1
  • 4

Ақ пимамды кие салып, кеттім базарға қарап,
Татар алад, татар сатад: құран, арақ, жуид, тарақ.
Алла әкпар... сахарин бар... деп мәзін айтады азан,
Әй, Қазан, қорсыз Қазан, құтсыз Қазан, нұрсыз Қазан.

Толық

Жүсіп хан

  • 0
  • 11

Бар екен де, жоқ екен,
Аш екен де, тоқ екен,
Ертек, ертек, ертекте:
Ала қарға - азаншы,

Толық

Бала мен құс

  • 1
  • 2

-Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.

Толық

Қарап көріңіз