Ақмарал

Бұл бетте «Ақмарал» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3488
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Ойлап жүрем өзіңді күніменен,
Көз алдымнан кетпейсің түніменен.
Түсіме де сені жиі көрем,
Түсіндірем, жаным, мұны немен?
Ғашық болып өзіңе қалғандаймын,
Сөнбес сәуле көзіңнен алғандаймын.
Сезім кетер бірден селге айналып,
Күлімдесең бір сәт, аймаңдайлым.

Қайырмасы:
Ақмарал, Ақмарал,
Өрімдей жас Марал.
Ақмарал, Ақмарал,
Өзіңдей жоқ Марал.

Неге сені, сүйіктім, ойлай берем?
Қиялдарға ғажайып бойлай берем.
Қалқатайым, сұлу сымбатыңа
Қарасам да қанша, тоймай келем.
Ойлай берем қашанғы, жақындашы,
Тілегімді қабылдап, мақұлдашы.
Құшқан күні мәңгі махаббатын,
Асау жүрек лаулап лапылдасын.

Қайырмасы:
Ақмарал, Ақмарал,
Жаның нұр, әппақ ар.
Ақмарал, Ақмарал,
Шамыңды жақ, Марал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақмарал өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақмарал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақмарал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақмарал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері