Аққуым өзің болшы

Бұл бетте «Аққуым өзің болшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1834
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Ақындары Шығыстың жырлаған
Арулардың бірісің.
Бұлбұл үнін тамсана тыңдаған
Иран бақтың гүлісің.
Түн ұйқымды өзіңсің ұрлаған,
Қашты мазам, тынышым.
Сеніменен сүйкімді бұл ғалам,
Қиялымның күнісің.
Тал бойыңда – Шығыстың әдебі,
Үлбіреген гүл өңің.
Талай жігіт сыртыңнан дәмелі,
Оңай емес – білемін.
Кім сүймейді аруды әдемі?
Күйіп-жанды жүрегім.
Бір өзіңе тәуелді бар емі,
Өзің жаз деп тіледім.

Қайырмасы:
Айналайын, айналайын,
Бақытқа бөлеген кезім болшы.
Айдының боп аймалайын,
Аққуым өзің болшы.

Айналайын, айналайын,
Өзіңе асыға ұшайын да.
Аспаның боп аялайын,
Ынтыға құшайын да.
Көрген күннен армандап келемін,
Сипасам деп шашыңды.
Аңсап күткен ғашығым сен едің,
Жүзіңнен нұр шашылды.
Саған ғана сыйласам деп едім,
Әлемде бар асылды.
Өзің ғана өмірде сенерім,
Иіп өтем басымды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққуым өзің болшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аққуым өзің болшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққуым өзің болшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққуым өзің болшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері