Айгүлім

Бұл бетте «Айгүлім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5764
Әнін жазған Ділмұрат Бахаров

Әркімнің-ақ бір Айгүлі бар шығар,
Толған айы, ақ шолпаны, таң шығар.
Жасай бергін жарқын жүзді Айгүлдер,
«Айгүл» – мәңгі айтылатын ән шығар.
Арулардың емессің сен жай бірі,
Құлпырасың қызғалдақтай май гүлі.
Көрген адам көз айырмай қарайды,
Болсыншы деп арманымның айдыны.

Қайырмасы:
Айгүлім-ау, Айгүлім –
Аспандағы Ай, Күнім.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Болмақ емес қайғы-мұң.
Айгүлім-ау, Айгүлім –
Базарым да байлығым.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Арта берер айбыным.

Дидарыңнан нұр шашылып тұрады,
Жарқын жүзің – шыққан күннің шуағы.
Жақсы жанды көрген кезде жан жібіп,
Жүрегімнен жақсы жырлар туады.
Қазағымның айдай сұлу Айгүлі,
Сүйдім сені, көрдім қалай қай күні?
Аққу болып қонар болсаң қалықтап,
Аялайды арманымның айдыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айгүлім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айгүлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айгүлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айгүлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері