Менің махаббатым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің махаббатым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3278
Әнін жазған Ділмұрат Бахаров

Көрдім сені көктемде,
Жаңбыр жауып өткенде,
Бара жаттың көтеріп қолшатырды.
Табиғаттың ғажабы-ай,
Жарқ еткенде найзағай,
Көрдім сенің керемет сол сәтіңді,
Жақұт жанарың сонша тұнды.

Қайырмасы:
Махаббатым сен екен бір ғана,
Тілегім де сен, жүрегім де сен менің.
Дидарың жарқын нұрлана,
Қарай бердім өзіңе ұрлана,
Тілегім де сен, бұл өмірде сенгенім,

Менің махаббатым!
Көрдім сені көгімнен,
Жұлдыз болып төгілген,
Тас қараңғы түндерге жарық беріп.
Тіліп өтіп түнекті, тұла бойым дір етті,
Тұрдым сол кез өзіңді анық көріп,
Әсем әніме салып көріп.

Қайырмасы:

Махаббатым бір өзің, бір өзің
Ғашығым да сен, жүрегім де сен, менің,
Сұлу да әсем мінезің.
Махаббатым бір өзің, бір өзің
Тілегім де сен, тірегім де сен, менің,
Менің махаббатым.
Бұл өмірде көргенім,
Кұлай сүйе сенгенім,
Махаббатым мәңгілік сен менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің махаббатым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Менің махаббатым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің махаббатым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің махаббатым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері