Өлең, жыр, ақындар

Тып-тынық бір түн еді

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1569
Тып-тынық бір тамылжыған түн еді,
Жұлдыз біткен жымың қағып тұр еді.
Екі ғашық бір-біріне сыр ашып,
Балдай ұйып бақ ішінде жүр еді.
Арайланып ақ махаббат алғашқы,
Армандары армандарға жалғасты.
Екі жауыз шыға келіп кенеттен,
Жас жігіттің жағасына жармасты.
Екі жауыз жатты бүріп қосылып,
Шынымен-ақ үзілмек пе қос үміт?
«Құтқарыңдар сұмдықтан!» – деп сонда қыз,
Айқай салды жаны қатты шошынып.
Елдің бәрі жатқан кезде ұйқыда,
Жауыздардың қарашы бұл сиқына.
Бір жігіт кеп арашаға ұмтылды,
Табан асты қалмақшы ма күй тына?
Тамылжыған тыныштық боп тілегі,
Жеті түнде жалғыз жүрген кім еді?
Жиырмаға жаңа толған жас жігіт
Полиция күзетінде тұр еді.
Жауыздармен жағаласып жүргенде,
Жас лейтенант құлап түсті бір демде.
Қарақшылар қадап еді қанжарын,
Айуандар аяуды әсте білген бе?
Шаттығы үшін, бақыты үшін басқаның,
Қас қағымда қиып кетті жас жанын.
Қос өмірді қорғап қалды алайда,
Полиция лейтенанты жас жалын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырашыл сарбаз

  • 0
  • 0

Сабазың сыра сатты,
Сатқанда қыра сатты.
Білегін түре сатты,
Көбігін үре сатты.

Толық

Тауыс пен бұлбұл

  • 0
  • 0

Физиканы білмейтін музыканың шебері
Естіп қалып Бұлбұлды сайран құрған бақтағы,
Сондай құсты тапқалы, тор ішінде баққалы,
Бай қалаға келеді.

Толық

Кеттің-дағы ауылға

  • 0
  • 0

Кеттің-дағы ауылға,
Қалғандаймын далада.
Жат секілді бауыр да,
Қатын менен бала да.

Толық