Өлең, жыр, ақындар

Киелі қан

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1512
Адамға керек тек тыныштық,
Шаршаса шаршасын жұмыс қып.
Не керек бұл дарқан өмірде
Өзара ұрыс қып?
Арынды арғымақ ат қайда?
Бәйгіге қосатын бап қайда?
Тойларда жиналып жігіттер,
Көкпарда шаппай ма?
Бесікте уілдеп балалар,
Отырса тербетіп аналар.
Келешек күндерге көз тігіп,
Толғанса даналар.
Көңілдің қалауын басып дәл,
Жүректің сырларын ашап бар,
Айлы түн аулақта оңаша
Жүрмей ме ғашықтар?
Алайда, Гитлер келді де,
Таптады елді де, жерді де.
Бастады бір сойқан соғысты,
Түнекті төндіре.
Түбітше түтіліп тұлымдар,
Желкеден қиылды жұлындар.
Боталар боздады аңырап,
Шырқырап құлындар.
Дүние толды да түрмеге,
Түрмелер айналды мүрдеге.
Жазықсыз жарандар жатты өліп,
Күндіз де, түнде де...
Фашистер қанға ешбір тоймады,
Құзғындй жемтікті тойлады.
Адамды азаптау жолының
Сан түрін ойлады:
Тұтқынның талайын аш қырды,
Талайын сілейте басқа ұрды.
Талайын тірідей сыңсытып,
Таспенен бастырды.
Тулатып талай от жүректі,
Қадады кеудеге қу оқты.
Емдейміз деген боп, еліріп,
Тәндерге у екті.
Жұтқызбай бір жұтым ауаны,
Газ толы бөлмеге қамады.
Фашистер құтырған төбетше,
Адамды талады.
Освенцим, Дахау, Майданек,
Бухенвальд...*
*Фашистердің өлім лагерлері
Сасыды қан бөгеп.
Адамға күн нұры – таң керек,
Әдемі ән керек!
Он екі миллион жан жылап,
Алапат азаппен қалжырап,
Ажалдың апандай аузында
Тұншықты зар жылап.
Ертерек түнеріп таңдары,
Үзіліп кеткенмен жандары,
Айуандар алдында олардың
Киелі қандары.
Құлақта Бухенвальд дабылы,
Жырақта бауырлар қабірі.
Көкейден кетпейді қашан да
Жауыздар жәбірі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құмарпаздың тағдыры

  • 0
  • 0

Көрдім кеше карташы бір досымды;
Қарап қалдым тұрмысына тамсана,
Пайда тапқан қаншама?
Маған барлық шынын айтып шешілді:

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 0

Тарылып тұтқиылдан бұл тынысым,
Жүрегім, жиіледі бұлқынысың.
Төңірек түнереді неге сонша?
Күн көріп келдім бе әлде құлұын үшін?

Толық

Балықшы мен балық

  • 0
  • 0

Көк теңіздің жағасында,
Өздерінше жарасымда,
Шал мен кемпір тұрып жатты,
Солғын өмір сүріп жатты.

Толық

Қарап көріңіз