Баба Түркістан
- 0
- 2
Түркістаным, бабалардың қалғымайтын көзіндей,
Ардақтысың, қара күшке жеңілмеген сезімдей.
Сені танып білмегеннің даңқы биік жанбаған,
Олар ылғи тамырсыздық сырқатынан сорлаған.
Түркістаным, бабалардың қалғымайтын көзіндей,
Ардақтысың, қара күшке жеңілмеген сезімдей.
Сені танып білмегеннің даңқы биік жанбаған,
Олар ылғи тамырсыздық сырқатынан сорлаған.
«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.
Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын,
Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың.
Күллі қазақ әйелдері толғатса да қанша рет,
Туа алмастан келеді әлі саған ұқсас нар мүсін.
Гульнара
Барселона әуежайындағы сұңқарлар
Мұхтар Шаханов
Мен қарапайым гана коп балалы отбасының ортаншысы болдым. Білімге құштар ата-анамыз бар баласына жоғарғы білім ордасынан диплом алуларына бар күш-жігерін, тапқан- таянғанын аямады...
Қазірде екі баланың анасымын, Аллаға шүкір, немерелерім де көзімді қуантады, келіндерім де бақытымды мын еселеп, тату да тәтті отбасына айналдырды.
2011жылғы жана жылды сүйікті астанамызда екі ұлым және қайынсіңілім Айсұлу төртеуміз қарсы алдық. Төртеуміз кітап дүкеніне барып, калаған кітабымызды сатып алуға және оны сыйға тартайық деп шештік. Мен өзімнің бала күнімнен сүйіп оқитын ағаларымның бірі Мұхтар Шаханов ағамнын Эверестке шыгу атты 2003жылы Атамұра басылымынан жарық корген жинағын алдым. Сыйлығым мені қатты куантты, озім ризамын әйтеуір.
Үлкен ұлым шетелде оқитын, қысқы демалысқа келген. Кіші улым Т.Я.Бигельдинов атындағы мектепте оқитын. Денсаулығына байланысты астанамызда ота жасау керек болып, сол жерде ауруханаға жатқызып, әуелі тәңірге аманат, содан соң дәрігерлерге аманат етіп, үлкен ұлым екеуміз Таразға жол тарттық.
Поезда жайғасып, шәй-тамағымызды ішіп отырып, баламыз екеуміз өмір жайлы сыр бөлістік....
Саясаттан екеуміз де аулақпыз. Біздегі әңгіменің арқауы қарапайым адамдардың басындағы ең күрделі мәселелер – баспана, жумыс, табыс, отбасы тағы басқа сол секілді мәселелер жайында. Ұлым маған тосыннан сұрақ қойды; «Мама, сіз қалай ойлайсыз, осы жүйені түбегейлі не өзгерте алады? Жемқорлықпен қалай күресуге болады? Жәй ғана сіздің пікіріңізді білгім келеді,- деді.»
Мен тосыннан қойылған сұраққа қалай жауап берерімді білмей сасқалақтап, ойымды әзер жинап үлгердім. Баламның алдында өзімді ойсыз адам етіп көрсетпеудің амалын жасап, баққандай болдым....
Бұрын-соңды екеуара бұлай әңгіме айтып көрмеген едік... Балам ақыл тоқтатып, парасатты бола бастағанына іштей қуандым.
Қолыма сүйікті ақын ағамыздың кітабын алып, әрі жол қысқарсын деп аса бір сүйіспеншілікпен оқи бастадым.Әрине, біраз олеңдерін бұрыннан білемін, әйтсе де қайыра оқып жатырмын. Бір кезде Барселона әуежайындағы сұңкарлар атты өлеңге келдім. О, құдірет! Алла тағала неткен шебер, қиыстырып, манағы сұраққа жауап дегендей, осы өлеңді басқа қырынан түсіне бастағандай болдым. Екі қайтара оқып шықтым. Неткен терең философия! Әрдайым ойыма осы өлеңнін терең мағынасы оралады да турады...Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жеріміз бүтін, заманымыз бейбіт, ерлеріміз сұңқар болсын, Әмин!
Ал, Мұхтар аға, кеттік» (Бірақ сіз сияқты оқу қайдааа маған...)
Бұл не өзі, әлде даңққа ғашықтық?
Талайлар жүр өлең-жырды кәсіп қып,
Десек-дағы іскерміз һәм батылмыз,
Біз солармен күресе алмай жатырмыз.
Кедергілер көлденеңдеп күтпеген,
Пәле болды көңіл жықпастық деген.
Шығып жатыр,
Шығып жатыр құлшынып,
Бойсыз,
Ойсыз,
Тек ұшуға құштарлар,
Құштарлықтан тұра ма әлде тіршілік?!
Жеке күйттеп әдеттенген бас қамын
Бір-біріне ұқсас,
Ұсақ құстардан
Тазартамыз қалай өнер аспанын??? –
Деген сұрақ алдымызды кес-кестеп,
Кешегіден келіп жетті бүгінге.
Қиын,
Қиын ойланбасақ түбінде.
Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан
Ұқсастық пен ұсақтықтан
Қашан қонар екенбіз біз зор парасат-пайымға...
Барселона әуежайында
Болды бірде ғажап жағдай таң қалар:
Кілең ұсақ, майда құстар — шымшық,
торғай, қарғалар
Билеп алып аспанды
Реактивті ұшақтардың
Самғауына қиын кезең басталды.
- Бізді мұнша әлек еткен,
Бұл күтпеген пәлекеттен
Құтылатын жол қайда,
Ғалымдардан, сірә, көмек болмай ма?
Дүлей үрей құшағында азап шектік күнделік,
Майда құстар турбинаға
Жойқын ауа толқынымен бірге еніп,
Бес нән ұшақ істен шықты соңғы айда, -
деп өтінді ұшқыштардың бастығы
Ғалымдардың басшысы — үлкен қасқа маңдайға.
"Ғылым үшін, міне, жаңа тақырып",
Қасқа маңдай аз ойланып отырып,
Табыстады істі басқа маңдайға.
Басқа маңдай ертіп басқа маңдайды
Жете зерттеп, түсінгенмен мән-жайды,
Құпияның құлпы ашылмай қасарды,
Түрлі-түрлі тәжірибе де жасалды.
Айлар өтті нәтижесіз күйбеңмен,
Ұшақтардың гүріліне әбден еті үйренген
Қу құстардың әуежайды басынғаны соншалық
Бірін-бірі шұрқыраса қарсы алып,
Бір-біріне қоштау айтып тамсанып,
Таңнан таңға масайрады ән салып.
Тым бейхабар мынадай "ғаламаттан"
Мадридте оқитын
Ұлын көріп қайтуға бара жатқан,
Тарпаң тағдыр сарқа алмаған қуатын,
Құзар таудың баурайында тұратын
Орманшы қарт үлкен қасқа маңдайдың
Еді жақын туысы.
О, сәттілік десеңізші қандай бұл!
Күллі өмірін орман бұрған
Туысымен қасқа маңдай шай ішті.
Сосын өзін толғандырған
Әрі қатты арландырған
Оқиғаға ойысты.
- Әй, балам-ай, балам-ай!
Ғалымсыңдар дүниені нұрландырған талғамы,
Қолдарында ғасырлардың толғағы.
Кейде ұстаз-табиғатқа шәкірт көзбен қарамай,
Шалыс басып қаласыңдар,
мынау соның салдары, - деді орманшы күлімдеп,
- Қиын салдар қиын сауал туындатты, десе де,
Бұл - оп-оңай шешілетін мәселе.
Әуежайға төрт-бес сұңқар табыңдар,
Қайсарлығы көз арбайтын,
Ұсақ құсты көргенде төзе алмайтын
Сұңқар деген - тіршілікке нағыз іңкәр дарындар.
Еркін ұшып шығу үшін биігіне қалаған,
Оларға сол арадан
Жайлы ұя салыңдар
Және ерекше жағдай жасап бағыңдар.
Сонда майда құстардың сұсы қашып,
Еңсесін сұңқарлардың мысы басып,
Іздеу үшін жанға жайлы басқа орын
Тастай қашар сол әуежай аспанын.
Көкірегін көрікті ойға бөлеген
Орманшы қарт, шынында да, болып шықты көреген.
Ұсақ құстан күрт тазарып күллі әуежай аспаны,
Ұшақ біткен еркін самғай бастады.
Жеңіл соқпас осы қайсар заңдылықты меңгеру,
Саған қашан келер екен кемел кез.
Міне, аға, сұңқарларға жол беру –
Майдаларға күрес ашу деген сөз.
Ал сен кімге, қай сұңқарға жол бердің?
Есіңде ме,
Кімге кімді теңгердің?
Қаптаған көп бала тайдан
Суырылып шыққан кезде дара тай
Демедің ғой "Алақай".
Жеткергенов Жебегенге,
Айбергенов Төлегенге
Бір көзбенен қарап обал жасадың ғой, ағатай!
Енді бүгін қолдан билік, бойдан күшің қашқанда,
Жалтақтайсың жан-жағыңа,
алақтайсың аспанға,
— "Сүйеніші,
Қамқоршысы,
Мектебі,
Емес пе едім —
Асқаны ма, неткені?
Ебін тапса ысырады шеткері,
Елемейді, сыйламайды,—деп,—мені".
Өкпелейсің, ұқсас әрі ұсақ қанат жастарға.
Иә, олар қадіріне жетпеді!
Құтылам деме өзгеге артып кінәні!
Сен жауап бересің әлі
Жолыңды салмай қиынға
Жөніңді таппағаның үшін,
Сұңқарлар болған жиында
Шымшықты мақтағаның үшін.
Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан
Ұқсастық пен ұсақтықтан
Біз әрдайым тиістіміз қорқуға.
Не ғаламат жатыр мына ғасырының бойында?
Желтең,
Мазаң ойменен
Жүргендеймін кейде мен
Барселона әуежайында.
Бір кез әлгі орманшы кеп қасыма
Балап мені баласының досына,
Мейіріммен күлімсіреп жанары:
— Әне, ұлым,
Уақыттың талабы —
Ерте, кеш пе, бәрін жөнге салады.
Сұңқарына жағдай жасамаған ел
Майдалардың мазағына қалады, —
деп тұрғандай болады.
Өрісбаева Гүлнара Аманқұлқызы 20 қаңтар 2022ж.